Біздің қызметтеріміз

SRK Consulting табиғат қорларын, оның ішінде су қорларын игеру саласындағы мамандандырылған қызметтерінің  толық кешенін ұсынады.

Тау-кен саласындағы тапсырыс берушілеріміз үшін толық цикл қызметтерін ұсынамыз – алғашқы кезеңдегі геологиялық барлау жұмыстарынан бастап, тау-кен жумыстарын жобалау және жер қойнауын пайдаланушылардың қызметін тоқтату бойынша амалдарына дейін.     

Біздің қызметтеріміз туралы толықтау мәліметтер сол жақтағы тізімде көрсетілген.

SRK’s experienced personnel and practical approach give you achievable options, opinions and solutions together with an understanding of the associated risks.
Әділетті баға мен сапалы шешімдер қабылдау үшін әр тапсырманың негізгі факторларын түсіну, сондай-ақ жұмыстың дұрыс ұйымдастыру үшін қажеттті тәжірибе мен сараптама керек. SRK компаниясының тәжірибелі қызметкерлері және жұмысқа деген сындарлы тәсілдеме жобалардың шынайы сценарийлерін, сапалы бағалауды, оңтайлы шешімдерді ұсынуға және тапсырыс берушілеріміздің барлық ықтимал тәуекелдерін түсінуге мүмкіндік береді. Тау-кен кәсіпорындын ашу, қаржыландыру немесе өнімділігін көтеру мүмкіндігін қарастырып жатсаңыз, бізбен байланысып, Сіз Feasibility Studies, техникалық сараптама мен бағалау (Due Diligence), бизнес-талдау және операциялық қызметтің талдауы, экономикалық бағалау мен тәуекелдерді бағалау сияқты қызметтерге мамандардың бірыңғай командасын таба аласыз. SRK тиісті бизнес-ортаның шеңберінде іс-әрекеттің техникалық-экономикалық қырларын толық түсіну үшін арнаулы сала мамандарының жұмысын үйлестіру мен интегралдауда маманданады. Жұмысымыздың негізгі қағидаты – Сіздің мәселелеріңізге кешенді шешімдер дайындау.
Геодинамикалық карта жасау мен палеозой металлогениясы: Орталық Қазақстанның үлгісі Аңдатпа Дәрістер курсы жаһандық геодинамиканың жалпы мәселелері аясында Орталық Қазақстанның жер қыртысы мен металлогениясы дамуының талдауына арналған. Курс Орталық Қазақстан палеозоидтерінің геодинамикалық дамуы туралы заманауи түсініктерін ашып, Орталық Қазақстандағы офиолиттердің геологиялық құрылысына, тектоникалық жағдайына және петрогеохимиялық жіктеуіне назар аудартқан. Курс тыңдаушыларды геодинамикалық карталарды құрастыруға және оларды кейінгі металлогениялық талдау мен ізденіс-барлау жұмыстары үшін негіз ретінде пайдалануға дайындайды. Курс магистранттар, докторанттар және геологтарға арналған. Курстың мазмұны (PDF, 123 Kb). Барлық сұрақтармен Алматы қ-ғы SRK Consulting (Kazakhstan) офисіне: +7 (727) 259 0118 телефонына немесе info@srk.kz электрондық поштасына хабарласуды сұраймыз.
Our experts integrate complex data sets to generate and refine targets, define controls on mineralisation, and delineate prospective structures and sequences
SRK геологиялық барлау жұмыстарды басқару мен кен орынының құрылымдық жағдайын түсіндіру, сондай-ақ бұрғылау, үлгілерді алу және талдауда айтарлықтай тәжірибесі бар компания. Бұл жағдай тапсырыс берушілерімізге пайдалы қазбалар кенін анықтауда, шектеуде және көлемі мен сапасын бағалауда тиімді көмектесуге мүмкіндік береді. Пайдалы қазбалар мен минералды шикізаттардың көпшілік түрлері бойынша қорларды есептеуде біздің геологтарымыздың тәжірибелері мол. Деректердің сапасы мен іріктеменің тығыздығы мұндай жұмыстың іргетасы болып табылады, біз бұл салада мамандандырылған қызметтерді ұсынамыз. Сонымен қатар, біз минералдану аймақтарының кеңістіктік таралудың 3D үлгілерін алу үшін заманауи бағдарламалық қамтамасыздандыру және де сол минералдану аймақтарының шеңберінде қызықтыратын пайдалы қазбалар таралуын анықтау және үлгілеудің статистикалық және геостатистикалық тәсілдерін қолданамыз. Бұл халықаралық есептілік үлгілеріне сәйкес минералды қорларын бағалауды (Mineral Resource Estimate) өткізуге бізге мүмкіндік береді, және тау-кен жұмыстарын жоспарлау мен содан кейінгі жобалардың бағалау үшін тәуір негізді қамтамасыз етеді. Жалпы, біздің тәсілдемеміз тапсырыс берушілеріміздің нақты талаптарына біздің кіріс параметрлерімізді бейімдеуге жағдай туғыза отырып, ресурстар мен қорларды жариялауға біздің тәуелсіздігіміз бен дербестігімізді сақтап келеді.
SRK тау-кен өндіруіне қатысты экологиялық және әлеуметтік аспектілер бойынша қызметтердің барлығын орындайды. SRK Қазақстан мен басқа ТМД елдерінің экологиялық және әлеуметтік талаптарына сай білім мен тәжірибесі бар, сондай-ақ халықаралық құжаттармен жұмыс жасау тәжірибесі мол. Сол себептен ТМД елдеріндегі тау-кен жобаларын іске асыру кезінде SRK халықаралық тәсілдемерін табысты қолданады. SRK мына қызмет түрлерін орындайды: әртүрлі мақсаттармен жүргізілетін техникалық аудиттер шеңберінде экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді бағалау (қорларды бағалау, due diligence, инвестиция алдынғы бағалау, т.б.); экологиялық аудит өткізу (жеке қызмет ретінде); халықаралық талаптарға сай экологиялық және әлеуметтік әсердің бағалауын өткізу (Экватор қағидаттары, Дүниежүзілік Банк және Халықаралық Қаржылық Корпорация тобының талаптары, ЕБРР талаптары, т.б.); халықаралық талаптарға сай экологиялық және әлеуметтік зерттеулерді жоспарлау және өткізу; жобаны іске асыру барысында мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл процесстерін жоспарлау және жүзеге асыру; халықаралық талаптарға сай жобаны дамытудың әр кезеңінде құнын бағалаумен қоса, кәсіпорынды жабу және жерді қалпына келтіру жоспарларын әзірлеу; кәсіпорында экологиялық және әлеуметтік менеджмент жүйесін енгізу үшін құжаттар дайындау. Соңғы бірнеше жылда Қазақстан және ТМД елдерінде іске асырылатын жобалар үшін келесі жұмыстар орындалған болатын: Ресей және Қазақстандағы бірнеше уран кендерінің өңдеу жөнінде жоба алдындағы құжаттамалар үшін әсердің алдын-ала бағалауы, 2008-2009; Ресейдегі уран кен орынның қоршаған ортаға әсерін халықаралық талаптарға сай толық бағалауды жүргізу үшін экологиялық және әлеуметтік зерттеулерді жоспарлау және іске асыруда көмек көрсету, 2008; Қазақстандағы жез кен орны үшін pre-feasibility study шеңберіндегі әсердің алдын-ала бағалауын және зерттеулерді жүргізу, 2008 – қазіргі уақытқа дейін; Ресей, Қазақстан, Ямайка және Гвинеяда Русал компаниясының кен орындары үшін Білікті Тұлғаның Есептемесінің экологиялық бөлімін дайындау, 2008; Ресейдегі Федорова Тундра кен орны әсерінің ресейлік заңнама талаптарына, Экватор қағидаттары, ХҚК талаптары мен Баррик Голд компаниясының стандарттарына сай бағалауын өткізу, 2008; Қазақстандағы Восход кен орны әсерінің Экватор қағидаттарының талаптарына және ХҚК стандарттарына сай бағалауын өткізу, 2007-2008; Қатты пайдалы қазбалар (соның ішінде көмір, уран, калий және басқа кен орындар) кен орындарының техникалық аудиті жөніндегі есептердің экологиялық бөлімін жасау.