Due Diligence

SRK Consulting (Kazakhstan) компаниясы SRK тобының бөлімі. Компания толығымен өз қызметкерлерінің меншігінде және де еш бір жобада қатысу үлесі жоқ, сол себептен тәуелсіздігі қамтамасыз етілген және тапсырыс берушілерге түрлі салаларда әділ және мүдделер қақтығысқа әкелмейтін кепілдеме беруге мүмкіндігі бар.

Көрегенділік пен құпиялылық жаһанды шоғырландырылған заманауи нарықтық экономиканың міндетті элементтері болып табылады. SRK тобының  жаһандық желісінің арқасында біз қақтығыстарды басқаруға қатысты мәселелерді шешу кезінде өзіміздің құпиялылық мәртебемізді жылдам бағалай аламыз.

Нарық және Өнімдер

Кен өндіруші компанияларға кешенді бағалауды жүргізу бойынша ұсынатын қызметтеріміз жеке және мемлекеттік компаниялар, жеке тұлғалар, сонымен қатар борыштық және акционерлік капитал нарықтарының нақты қажеттіліктерін шешуге бағытталған мамандандырылған өнімдердің кең спектрін қамтиды. Ұқыпты бақылау мен тәуекелдерді басқаруға өсіп жатқан беталысын есепке ала отырып, SRK негізгі өнімдер желісі келесі нарықтарда пайдалану үшін жарияланатын техникалық есептемелерді қамтиді:

  • Борыштық капитал нарықтары: жетекші қаржы мекемелердің тапсырмасы бойынша «Тәуелсіз техникалық сарапшы» ретінде болып және қаржылық консорциумдар мен инвесторлардың мүдделерін өкілдік етіп, SRK жобаларды қаржыландыру бойынша келесі қызметтерді ұсынады:
    • Кешенді техникалық бағалау және қаржыландыру алдындағы тәуелсіз сарапшы есептемелерін дайындау.
    • Табиғат және әлеуметтік ортаға деген әсерді бағалау, соның ішінде Экватор қағидаттарын (Equator Principles), Халықаралық Қаржы корпорациясының стандарттарын  (IFC) және Дүниежүзілік банктің ұсынымдарын есепке алынған бағалаулар.
    • Қаржыландыру талаптарының тізімін жасау, соның ішінде, кейінге қалдырылатын және жойылатын талаптарын, алғашқы қорлар мен қалдықтардың арасалмағын және де қызметтің басқа техникалық-экономикалық әрекет көрсеткіштерін анықтауға көмектесу.   
    • Несие комитетіне бекітуге ұсынылатын өтінімдердің техникалық бөлімін дайындау
    • Инвестициялаудың алдында және соңынан жасалатын егжей-тегжейлі бақылау, құрылысты бітіру кезеңі мен объектті пайдалануға беруден бастап кәсіпорынның жобалық қуатына шығуына дейін.
    •  Жабдық, өнім және шығындар жайында жобаның аяқталуының техникалық сертификаттауы
    • Несиелік кезеңінің ішінде тоқсандық бағалау жүргізу жөнінде қызметтер
       
  • Акционерлік капитал нарықтары: қаржы мекемелер мен инвесторлардың тапсырмасы бойынша «Тәуелсіз құзырлы тұлға» ретінде болып, әртүрлі халықаралық қор биржалардың талаптарына сәйкес келетін нормативтік-құқықтық құжаттама дайындауда көмек көрсету мақсатында, SRK келесі қызметтерді ұсынады:
    • Эмиссиялық Анықтамаларға, Меморандумдарға және Хабарландыруларға, сондай-ақ құнды қағаздарды жеке орналастыру туралы Меморандумдарға қосу үшін білікті тұлғаның есептемесі
    • Жекешелендіру бағдарламаларды, активтерді сату мен сатып алу, соның ішінде Ақпараттық меморандумдарды дайындау, техникалық ақпарат орталықтарын ұйымдастыру мен басқаруын қолдауға арналған техникалық  ақыл-кеңестер
    • Ақпараттық бюллетендерге және жылдық есептемелерге қосу үшін Минералды ресурстар мен Кен қорларының жағдайы туралы қорытындылар
    • Жоба дамуының әр кезеңінде минералды активтерді бағалау, геологиялық барлау мен техникалық-экономикалық зерттеулерден бастап өндірістің басталуына дейін.

Әдіснама

Біз кешенді бағалау өткізуіне «жылдам шешім қабылдау үшін тиісті зерттеулерді»  қамсыздандыруға бағытталған және көп салалы топтардың жұмысын мен жобаның  барлық кезеңдерінде минералды активтерді бағалауды қамту ететін құрылымды тәсілдемені пайдаланамыз. SRK компаниясында қаржы нарықтарында қызмет ету саласында тікелей тәжірибесі бар 100-ден астам техникалық мамандар бар. Бұл компанияға SRK тобының 5 құрлықтың 50 офистерінде жұмыс істейтін штаттық консультанттар мен қауымдастырылған мамандар кең көлемді желінің арқасында жаһандық географиялық қамтуын  қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Қызметкерлеріміздің барлығы жаһанды біріктірілген нарық экономикасы ақпараттың құпиялылығын сақтау ережелерін қолдануды талап ететінін мойындайды. Мамандандырылған қызметтеріміз сондай-ақ біздің қауымдастырылған мамандардың халықаралық желісі арқылы ұсынылады, сондықтан тәжірибеміз бен аумақтық қатысуымыз кеңейтіледі. Сонымен қатар, қызметтің нақты мәселелерді ғана зерттеу керек болғанда немесе компания үшінші жаққа мердігерлік қызметтер ұсынатын кезде, SRK шектелген көлемдегі жобаларды орындайды.

Біздің техникалық топтарымыз келесі маңызды салаларда мамандандырылған бағалауларды жасайды:

  • Геология
  • Инфрақұрылымдық және инвестициялық жобалар
  • Минералды ресурстар мен кен қорлары
  • Адам ресурстары
  • Тау-кен жұмыстары
  • Еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік
  • Инженерлік геология
  • Операциялық және күрделі шығындар
  • Гидрогеология мен гидрология
  • Жобалау, сатып алу және құрылысты басқару (EPCM)
  • Пайдалы қазбаларды өңдеу мен байыту
  • Экология (әлеуметтік және биофизикалық орта)
  • Өндірістік және сұйық қалдықтарды жинақтау
  • Тау-кен өндірісінің экономикасы
  • Аффинаж және металлургиялық өндіріс

Тәжірибе

Борыштық және акционерлік капитал нарықтарында танылған тәжірибесі бар тәуелсіз кеңесші ретіндегі кәсіби беделіміз кең географиялық қамтуға ие және спот пен фьючерс нарықтарында саудаласатын шикізат өнімдердің көпшілігін ұсынатын жобаларда қатысумен дәлелденеді. Сол жжобалалдың ішінде:

  • Жобаларды қаржыландыратын консорциумдардың тапсырмасымен, соның ішінде, Еуропалық, Оңтүстік Африка, Солтүстік Америка, Австралия-Азия және Азия қаржы орталықтар үшін, Тәуелсіз Сарапшы Есептемелердің (Independent Engineer's Reports) көлемді пакетін дайындау.
  • Халықаралық қор биржалардың көпшілігінде құнды қағаздарды бастапқы және екінші қайтара орналастыруды қолдау үшін жасалатын көпсанды техникалық есептемелерді дайындау; құнды қағаздарды жеке орналастыру туралы меморандумдар және аккредиттелген инвесторлар мен білікті институционалдық сатып алушылар үшін эмиссия туралы жариялаулар.
  • Жалпыұлттық және жергілікті өкімет билігі органдарының, сондай-ақ Дүниежүзілік банк және Халықаралық Қаржы Корпорациясы сияқты халықаралық қаржы мекемелерінің тапсырмалары бойынша жекешелендіру бағдарламаларын қолдауға арналған техникалық кеңестер.
  • Мыналармен ұзақ мерзімді жұмыс қарым-қатынастарымыз бар:
    • Пайдалы қазбалар өндіру, шикізат өнімдерімен сауда жүргізу, пайдалы қазбаларын өңдеу салаларындағы жеке және мемлекеттік кәсіпорындары, сонымен қатар тау-кен және металлургия саласында жұмыс жасайтын сатылас біріктірілген компаниялары;
    • Халықаралық қаржы орталықтарының көпшілігіндегі жетекші қаржы мекемелері, аудиторлық фирмалары және заң консалтингілік компаниялары
    • Ұлттық және халықаралық қаржылық даму мекемелері мен экспорттық несие агенттіктері.
  • Техникалық тапсырмалардың толық спектрін қамтитын кешенді бағалаулар, қол жетімді ақпаратқа негізделген алдын-ала ірілендірілген кабинеттік анализден бастап объектілерге баруға дейін, техникалық және келісім-шарт құжаттамаларын дәйектеу және тексеру. Мұндай бағалаулар, әдеттегідей, банк үлгілеріне сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме дайындауға қатысты.

Несиелік немесе акционерлік қаржыландыруды тарту мақсатымен қаржылық шешімдер қабылдау процессі жөнінде техникалық ақпараттың дұрыстығына қатысты кешенді талдау.