Компания жұмысының тиімділігін арттыру бойынша қызметтер

Тау-кен өнеркәсібінде дүниежүзілік нарықта бәсекелесу қабілетін сақтау үшін өндірістің үлестік шығындарын төмендетуге тұрақты ұмтылу керек.  Бұл мәселе, көбінесе қазып шығарылатын қорларын толықтыру қажеттілігімен бірге, жаңа технологиялар мен өндіру тәсілдерін тұрақты бағалауды талап етеді.  Іскерлік және техникалық бағалауды дайындау бойынша, көп салалы зерттеулер шеңберінде шешімдерді іске асыруда көмек көрсетуге SRK компанияның мүмкіндігі бар.

Біздің қызметтеріміз  

Біздің құзыретімізге келесі қызметтер кіреді:

  • Бизнесті дамытудың стратегиялық көзқарасы және стратегияны түзету;
  • Ұзақ мерзімді жоспарлау;
    • Жаңа ресурстарды анықтау;
    • Бар қорларды оңтайландыру;
    • Қорларды оңтайландыру үшін кендерді қайта жобалау;
    • Ағымдағы кешенді әрекеттер арқылы қоршаған ортаны қорғауға алдағы шығындарды барынша азайту;
  • Кендердің экономикасы мен шығындарын үлгілеу;
  • Күрделі және пайдалану шығындарды есептеу;
  • Ұйымдық құрылымды бағалау;
  • Жұмыс басқару үдерістер мен жүйелерді бағалау;
  • Кен орнын қазу, кестелерді тұтастыру мен құрастыруды жоспарлауын бағалау;
  • Іскерлік және техникалық үдерістерді бағалау;
  • Машықтар мен қабілеттіліктерді талдау;
  • Басқару стилін өзгерту;

Біздің тәсілдемеміз

SRK өкілдері әр нақты жағдайда қажетті жұмыс көлеміне сәйкес толық дайындалған техникалық тапсырмаларды сіздермен талқылап мақұлдасады. Анықталған басты мақсаттар мен нәтиже шығару мерзімдерінің негізінде жұмыс бағдарламасы әзірленеді.

Үлгілік жұмыс көлемі келесі кезеңдерден тұрады:

  • 1 кезең – Негізгі стратегиялық немесе өндірістік мәселелерді бағалау;
  • 2 кезең – Талдау және үлгілеу.Толық зерттеулер өткізіліп, нәтижелері талданылады және жаңа тәсілдер үлгіленеді.
  • 3 кезең – Іске асыру. Үлгіленген шешімдер жетекші мамандармен бірге өзара әрекеттестікте іске асырылады.
  • 4 кезең – Нәтижелерді бекіту. Өзгерістерді енгізуде жетекші мамандарға көмектесу үшін кәсіпорында ағымдағы нұсқама және бақылаулық қолдау қамтамасыз етіледі.

Біздің тәжірибеміз

SRK компаниясында ғылым, инженерлік-жобалау жұмыстары және бизнес саласындағы жетекші консультанттар қызмет етеді.  Компания ұсынатын кешенді қызметтер және әлемнің көптеген елдеріндегі офистер, кешенді тексерулер өткізу, техникалық-экономикалық негіздеме және кұпия бағалауды әзірлеу саласында дүниежүзілік тәжірибе жиюға мүмкіндік беріп, компанияны дүниежүзілік деңгейдегі өндіруші және геологиялық барлау компанияларына арналған іскерлік және техникалық сипаты бар кешенді кеңестік қызметтер ұсынуға мамандандырылған ұйымға айналдырды.

SRK клиенттеріне 1 500-ден аса кәсіпорындар жатады, олардың ішінде дүниежүзілік ірі және орташа  тау-кен және шикізат өндіретін кәсіпорындардың, геологиялық барлау компаниялардың, банктердің, мұнай мен газ барлау компаниялардың, ауыл шаруашылық бағытындағы компаниялардың, құрылыс фирмалары мен үкіметтік мекемелердің көпшілігі.

Қазіргі кезде   SRK компаниясында 5 құрлықтың 50 офистерінде халықаралық деңгейдегі консультанттар қолдау көрсететін 1 500-ден аса адам жұмыс істейді.