Көзкөрімдік және графикалық материалдарды даярлау бойынша қызметтер

Видеоролик 320p от SRK Consulting на Vimeo.

Кен өндіру және металлургия салаларындағы процесстердің айқындығы акционерлермен, жоба қатысушыларымен, реттеуші органдармен, мүдделі жақтармен және жергілікті қоғамдық топтармен тиімді қарым-қатынасты талап етеді. Бұл талап технологиялық жақтан алдынғы және жоғары мамандандырылған салада жұмыс жасайтын компанияның стратегиялық дамуының әлеуметті нәтижелері туралы ақпаратты табыстау кезінде әсіресе маңызды. Көретін және графикалық презентациялар дәстүрлі техникалық ақпарат алушылардың шеңберінен шығатын үлкен аудиторияға сіздің ойларыңызды жеткізудің уақыт пен шығындар жағынан ең тиімді тәсіл болып саналады. Толық ақпарат пен консультациялық қолдауға ие болған  сіздің мақсатты аудиторияңызға сізбен өзара әрекет жасауға мүмкіндік береді.

Біздің қызметтеріміз

Тұжырымдамалық (Conceptual), алдын ала (Scoping), жоба алдынғы (Pre-feasibility) немесе жобалық (Feasibility) зерттеулер жасайтын, сондай-ақ жаңа кендерді барлау немесе игеру нұсқаларын, қазіргі өндірісті дамыту немесе кәсіпорындарын жабуды қарастырып жатқан компаниялар үшін біз қазіргі кезде көзкөрімдік материалдарын дайындауға бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынамыз – жоғары анықты шынайы жеке фото суреттерден бастап объектінің толық үш өлшемді анимацияланған бейнелері мен интервалды суретке түсіру әсері бар объектінің үлгілеріне дейін.

  • Жоғары сапалы  үш өлшемді және төрт өлшемді анимация және объектілерді үлгілеу
  • Кадр сыртындағы түсіндірме және бейнематериалдарға әр тілде  мәтін жазу
  • Аэрофото және бейнетүсірілім
  • Фотомонтаж
  • Көру әсері мен тіке көзге көріну аймақтарын бағалау
  • Интернет желісіне, DVD, HD және 3D-стереоскопия форматтарында бейнефильмдерді жасау
  • Мультимедиялық презентациялар
  • Графикалық дизайн және анимациялық графика
  • ГИС-пен біріктіру

Біздің тәсілдеме

Компания жөніндегі әсер оның жетістігін анықтайды. Сондықтан SRK әр жобаның  қаржылық, техникалық және әлеуметтік-саяси міндеттерін есепке алады. Біздің салалық сарапшыларымыздың біліктілігі мен мол консалтингілік тәжірибелері мақсатты аудиторияға кешенді және жүйелі ақпараттандыру үшін көрнекі ақпаратты деректерді презентациялаудың ең қолайлы тәсіліне тиімді біріктіруге мүмкіншілік береді.

Біздің тәжірибеміз

Геологиялық барлау және тау-кен өндіру жобаларында 39 жылдан астам жұмыс тәжірибемізге таянып және сол тәжірибені қазіргі заманғы көру ақпарат құралдарын пайдаланумен біріктіре отырып біз келесі қызметтер арқылы сіздің жобаларыңызды жүзеге асыру жолында көмектесе аламыз:

  • Меншік иелерімен, консультанттармен, жобалаушы ұйымдармен, қоғамдық топтармен және техникалық емес аудиториямен стратегиялық байланысты қамтамасыз ету
  •  Жобаларды  жоспарлауын, жобалауын және жүзеге асыруын жетілдіру
  • Инвестициялық жобаларды келісуде және инвестицияларды тартуда көмектесу
  •  Жобаның қоғамдық беделін басқару
  • Мәтінде немесе қағаздық таратушыда жоғалуы мүмкін детальдарды анықтайтын кен өндіру кәсіпорынның бүкіл пайдалану мерзімінде жобаның симуляциялық талдауы
  • Қоршаған ортаға деген жағымсыз әсерді төмендету
  • Нақты жобаның тиімділігі, сапасы және тұрақтылығы жағынан ең жоғары стандарттарға сай екендігі жөнінде мүдделі жақтардың сендірмелері